Акылов Нариман Бекетович
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ның (бұдан әрі - Серіктестік) Омбудсмен туралы ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, Омбудсмен – Серіктестіктің Байқаушы кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Серіктестіктің қызметкерлеріне кеңес беру және еңбек дауларын, шиеленістерді, әлеуметтік-еңбек сипатындағы келелі мәселелерді шешуде, сондай-ақ Серіктестік қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету болып табылады.
Ережеге сәйкес, Омбудсменнің негізгі міндеттері Серіктестік қызметкерлерінің және лауазымды тұлғаларының Серіктестіктің Іскерлік этика кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру, Серіктестік қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларға корпоративтік шиеленістер мен мүдделер шиеленісін алдын алу мен реттеуге көмек көрсету, Серіктестік қызметкерлеріне және лауазымды тұлғаларға Серіктестіктегі заңға қарсы келетін әрекеттер туралы хабарлауда көмек көрсету болып табылады. Соған қоса, Ережеге сәйкес, Кодекс ережелерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын бұзу фактілері бойынша жүгінген Серіктестік қызметкерінің, лауазыды тұлғаның аты-жөнін көрсетпеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Серіктестіктің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің фактілері бойынша Омбудсменнің сенім телефоны бойынша: +7 (7172) 55-30-15 (Ақылов Нариман Бекетұлы), сондай-ақ жазбаша өтініштерді қабылдау үшін akylov@samruk-energy.kz электрондық почтасына жүгінуді сұраймыз.