Компания келешекте электр энергиясын өндіру қуатын ұлғайтып, 300 мегаваттқа жеткізуді жоспарлап отыр. Жел электр станциясы жобасын іске асыру баламалы энергетиканы ендіру жолындағы алғашқы қадам болып саналады, және улы газ шығарындыларын азайтуға, көмір сутегі отынын пайдаланбай, жылына 60 мың тоннадан астам көмірді үнемдей отырып, сағатына 172 миллион киловатт электр энергиясын өндіруге және өңірдегі электр энергиясын жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.