"Самұрық-Энерго" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасын және Қазақстан Үкіметі белгілеген даму жолын орындай отырып, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) игеруге кірісті. ЖЭК саласындағы жобаны іске асыру үшін 2011 жылғы 27 маусымда тіркеу нөмірі 40481-1901-ЖШС, "Самрұқ-Энерго" АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылатын "Бірінші жел электр станциясы" ЖШС (бұдан әрі "БЖЭС») құрылды. "БЖЭС" ЖШС жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру үшін құрылды, атап айтқанда жел электр станцияларын салу.