Ерейментаудан келген балақай Тимур мектепке жол тартады - Первая Ветровая Электрическая Станция ветрогенератор ТОО «Первая ветровая электрическая станция», Астана, Казахстан, Ерейментау
  • Ерейментаудан келген балақай Тимур мектепке жол тартады

Ерейментаудан келген балақай Тимур мектепке жол тартады

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің ұжымы жыл сайын өтетін «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Осы жылы қолдан келген көмекті  Ерейментау қаласында тұратын Зариповтар отбасына көрсетіп, мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен сөмке алып бердік. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын Тимурды анасы жалғыз тәрбиелеп отыр.

«Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясы 2008  жылы алғаш рет бастау алды және елдің барлық аймақтарында өтеді. Оның басты мақсаты  - жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына қолдау көрсету болып табылады. Әр жыл сайын меценаттар, ұйымдар мен ниет білдірушілер осы қайырымдылық акциясына қатысады.

 «Тимурды мектепке дайындауға қол ұшын береміз деп компаниядан түскен қоңырау мен үшін күтпеген жағдай болды. Барлық қызметкерлерге үлкен алғысымды айтқым келеді және жұмыстарына сәттілік тілеймін», - деп Кристина Зарипова алғыс сөздерін жеткізді, ал кішкентай Тимур болса желпарктің мамандарынан «жел қозғалтқыштар» жұмысы туралы әуесқойлықпен егжей-тегжей сұрап жатты.

Жас қазақстандық анасын және бізді мектептегі үлгерімімен қуантуға және болашақта республикада қуат көзін қалпына келтіруді біз сияқты дамытатын инженер боламын деп уәде етті.

Еске салайық, «БЖЭС» ЖШС «Самрұқ Қазына» ҰАҚ» АҚ-ның қоржындық компаниясы болып табылады және әлеуметтік жобаларды іске асыру мен қазақстандықтар үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді ат салысады.

«Біз Тимурдың анасына көмек көрсетіп, қиын өмірлік жағдайды сәл жеңілдеткеніміз үшін дән ризамыз. Тимурға мектепте тамаша жетістіктер, жақсы бағалар мен армандарының орындалуын тілейміз. Өз кезегінде, біздің ұжымға қайырымдылық пен қамқорлығы үшін алғыс білдіремін. Біздің компанияның корпоративті саясаты биік кісілік қағидаттардан құралатынын сіздердің тағы бір мәрте дәлелдегендеріңізді атап өткім келеді», - деді бас директордың орынбасары Ербол Тулебаев.

«БЖЭС» ЖШС ұжымы атынан Қазақстанның барлық оқушыларын  ертең, 1 қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Денсаулық, оқуда сәттілік пен адал достар тілейміз!

whatsapp image 2021 08 31 at 17.35.43