IRENA халықаралық ынтымақтастыққа арналған ортақ платформа, жаңартылатын энергетика бойынша технологиялық, саяси, қаржылық және ресурстық білім орталығы ретінде қызмет атқарады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өкілдері 2019 жылғы 14-15 наурыз аралығында Астанада алғаш рет өткен «ЖЭК-нің үлесі жоғары қуаттарды кеңейтуді ұзақ мерзімге жоспарлау» аты Орталық-азиялық өңірлік семинардың жұмысына қатысты.
Семинарды Халықаралық жаңартылатын энергетика агенттігі IRENA (International Renewable Energy Agency) және ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырды.
IRENA үкіметаралық ұйымы орнықты даму тұжырымдамасына сәйкес түрлі елдерге энергетиканың жаңа түрлеріне көшу кезінде қолдау білдіреді. ЖЭК-нің дамуы бойынша тәжірибе алмасу үшін Қазақстанның астанасына Әзірбайжанның,Грузияның, Қырғызстанның, Түркіменстанның, Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Данияның техникалық университетінің сарапшылары және Орталық-азия өңірі елдерінің энергетика холдингтерінің мамандары ат басын тіреді.
«IRENA-ныңсеминарды ЖЭК саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдауы кездейсоқ емес. Өйткені EXPO – 2017 елімізде жасыл технологияның дамуына қай жағынан алғанда да: таза технологиялардың үлесін арттыру болсын, олардың дамуына қажетті нормативтік-құқықтық база жасау болсын, қуатты әрі жан-жақты серпіліс берді. ЖЭК саласындағы технологиялардың өсуі экономикалық тұрғыдан тиімсіздеу болған тиянақталған тарифтерден бас тарта отырып, жаңартылатын энергетиканы дамытудың анағұрлым пайдалы тәсілі деп саналатын қуат бойынша аукциондар/тендерлер өткізу арқылы қаржыландыру механизмдерін өзгертумен қатарласа жүрді, - деп атап өтті семинарға қатысушы, «Самұрық-Энерго» АҚ «ЖЭК және Бөліп-тарату» Департаментінің бөлім басшысы Әнуар Әбітаев.
Халықаралық ұйымдардың өкілдері, ТМД елдерінің жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясатты іске асыруға жауапты министрліктерінің өкілдері ЖЭК-нің үлесін арттыруды ұзақ мерзімге жоспарлау мәселелерін, жаһандық және өңірлік болашақта энергия жүйесімен интеграциялану проблемаларын талқылады. Атап айтқанда, ЖЭК-нің үлесі жоғары қуаттарды кеңейтуді ұзақ мерзімге энергетикалық жоспарлау саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибенің енгізілуін қолдауға бағытталған моделдеу мен әдістеменің құралдары секілді тақырыптар қозғалды.
Қазақстанның Энергетика министрлігінің деректері бойынша, елімізде бүгінде ЖЭК-нің 72 нысаны бар, олардың жиынтық қуаттылығы 633 МВт-ты құрайды. «Жасыл энергетиканың» (КЭС, ЖЭС, қуаттылығы 35 МВт-қа дейін болған шағын СЭС-тер) 2018 жылғы өндіру көлемі 20,4%-ке өсіп, 1335,2 млн. кВтсағатты құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кәсіпорындары – шағын СЭС-тер, ЖЭС және КЭС (ЖЭК туралы Заңға сай) аталған кезең ішінде 355,4 млн. кВтс. «таза» электр энергиясын өндірді, бұл 26,6%-ті құрайды. Қазақстанның энергия балансындағы ЖЭК-нің үлесі 2020 жылға қарай 1%-тен 3%-ке дейін көтеріледі деп жоспарлануда.
Анжела Кенжина,
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің бұқарамен және инвесторлармен байланыс жөніндегі маманы.