«БЖЭС» ЖШС өндіріс жұмысшыларының күнделікті жұмыс - Первая Ветровая Электрическая Станция ветрогенератор ТОО «Первая ветровая электрическая станция», Астана, Казахстан, Ерейментау
  • «БЖЭС» ЖШС өндіріс жұмысшыларының күнделікті жұмыс

«БЖЭС» ЖШС өндіріс жұмысшыларының күнделікті жұмыс

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС «Ерейментау-1» жел электр станциясының өндірістік алаңындағы жұмысшылардың жұмыс күндері туралы бейнеролик ұсынады.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндірумен айналысады. Жалпы белгіленген қуаты 45 МВт жел паркі 22 жел электр қондырғыдан және «Ерейментау-1» ЖЭС - 35/220кВ қосалқы станциясынан тұрады. «БЖЭС» ЖШС өндірістік алаңы Ерейментау қаласының маңында, ал әкімшілік кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

«БЖЭС» ЖШС ұйымдық құрылымына сәйкес қосалқы станцияда қосалқы станция мен жел паркінің жабдықтарына бақылау мен мониторинг жүзеге асыратын басқару пультінің екі операторы тұрақты негізде кезекшілік жүргізеді.

Сондай-ақ жел қондырғыларына қызмет көрсетумен тікелей айналысатын сервистік және техникалық жұмыстармен қамтамасыз ететін қызмет көрсету бригадасы бар.

Бригаданың негізгі міндеттері жел турбиналарында профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу, турбиналардың жұмысының мониторингі мен диагностикасы, сондай-ақ технологиялық процестерді жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады.

Баптау жөніндегі техниктің жұмыс күні міндетті медициналық куәландырудан және жұмыс жасауға рұқсат алудан басталады. Жел паркіне келгеннен кейін техник бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы жұмыстарды орындауға өтінім береді. Бұдан әрі, барлық қажетті жеке қорғаныс құралдары, саймандар дайындалады, наряд-рұқсатты толтырылады. Содан кейін техникалық қызмет көрсету бригадасы жел турбинасына барады. Жел турбинасына келгеннен кейін бригада басқару пультінің операторына телефон арқылы қоңырау шалу арқылы жұмысқа рұқсат алады және жұмыстарды орындауға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін техникалық қызмет көрсету хаттамасы толтырылады, наряд жабылады және жұмыстардың аяқталуы туралы есеп жіберіледі.